×

Ғалым білім берудегі басты кемшілікті атады

Еркіндік беру арқылы балалардың оқуға деген қызығушылығын оятуға болады

 Халық үні 29.09.2022 | 21:17
Фото: SDU баспасөз қызметі

Білім беру саласындағы кемшіліктің бірі – емтихан алу. Оны дұрыс емес деп санаймын. Бұл туралы ғылыми конференцияда профессор Сугата Митра айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ол әлемде «The hole in the wal» экспериментімен танымал.  Ғалымның 1970 жылдары жүргізген тәжірибесі тұрмысы төмен отбасылардың балаларына зейінін ашып, білім алуға септігін тигізген.

Үндістандағы кедей ауылдарда тұратын балалар өмірінде компьютер көрмеген. Сондықтан Калкаджиде, Делиде тәжірибе жүргіздім. Онда лашықтардың ішіне компьютер қойып, балаларға оны еркін пайдалануға рұқсат бердім. Эксперимент дайындықсыз жүргізілді. Оның мақсаты балалардың компьютерді өте оңай меңгере алатынын дәлелдеу болды. Бұл зерттеуді «Минивалді инвазитивті білім» (MIE) деп атадым, - деді профессор Алматыдағы Сулейман Демирель университетінде өтіп жатқан ICBCB халықаралық ғылыми конференцияда.

Оның айтуынша, тәжірибе басқа елде де жүргізілген.

«2004 жылы эксперимент Камбоджада ұйымдастырылды. 20 балаға 5 компьютер беріп, олардың топтық жұмысқа бейімделгенін, коммуникациялық дағдысы қалыптасқанын қаладым. Нәтижесінде балалардың ересектер қадағаламаса да өз бетімен білім ала алатынын дәлелдедік. Тіпті, компьютер мен интернет болса, балалар ағылшын тілін білмесе де, оны пайдалануды өз бетінше үйрене алатынын көрдік», - деді ғалым.

Сугата Митра коронавирус пандемиясы кезінде білім сапасының төмендеп кетуіне де қатысты өз ойын айтты. Ғалымның пікірінше, адамдардың өздігінен білім алмауына емтихан жүйесі әсер еткен.

Пандемия салдарынан білім сапасы төмендеді. Менің ойымша, оған білім саласындағы емтихан алу жүйесі салдарын тигізді. Себебі, емтихан алу дұрыс емес. Тәжірибе барысында балалар арасында сауалнама жүргізілген еді. Сонда 9 жастағы оқушы осы жайлы айтқан. Ол емтихан кезінде сұрақ қойылатыны, алайда оның жауабын табу үшін ізденуге мүмкіндік берілмейтінін, интернет пен смартфон қолдануға болмайды деп пікір білдірген. Егер балаға сұрақ қойып, оған жауап табу үшін жағдай жасасақ, сол білім тиімді болады, - деді профессор.

Сөз соңында ғалым XXI ғасырда білімді болу үшін қандай дағдылар маңызды екенін атап өтті.

«Ең маңыздысы – білімге деген құштарлық, ізденіс. Бір нәрсені білуге ұмтылсаңыз, оның өзі құштарлық. Балаға қойылған сұраққа ешкім жауап бермесе, ол интернеттен өзіне керек ақпаратты іздейді. Осылайша, ол бүгінгі заманға қажет креативтілік, коллаборация жасау сынды дағдыларға ие болады, зейіні ашылады, оқуға қабілетті болады. Олар интернеттен тапқан жауаптарын басқаларға айтады. Біз балаларға сұрақтардың жауабын айтпай, керісінше, оларға сұрақ қою арқылы білім беруіміз керек», – деп түйіндеді сөзін Сугата Митра.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама