Halyq Uni логотип
×

Ресей Лиман түбінде Харьковтен кейінгі ірі жеңілісіне ұшырағалы тұр

Украина әскері Торское елді мекені арқылы сыртқа шығатын жалғыз жолды бақылауда ұстап отыр

 Дастан Жұмабекұлы 29.09.2022 | 18:52
Ресей Лиман түбінде Харьковтен кейінгі ірі жеңілісіне ұшырағалы тұр
фото: ашық дереккөз

Ресей Харьков облысында болған ірі жеңілісінен кейін зор апатқа тағы ұшыраудың қарсаңында тұр.

Бұл туралы «The Moskow Times» хабарлады.

Украина әскерлері Донецк облысындағы Лиман қаласына жан-жағынан түгелге жуық қоршауға алды. Енді жақын арада ресейліктердің ірі әскери тобын «қазаншұңқырға» түсірулері мүмкін, – делінген Соғысты зерттеу институтының (ISW) хабарламасында.

Қазір Украина қарулы күштері Лиманды батыс, солтүстік және солтүстік-шығыс қапталдарынан қоршауға алып, Ресей армиясының Торское елді мекені арқылы сыртқа шығатын жалғыз коммуникациялық жүйесін де өзінің бақылауында ұстап тұр. Егер ресейліктер Лиманнан айырылса мұның алдында көп адам шығынымен басып алған Лисичанск мен Северодонецк қалаларынан да айырылып қалуы мүмкін.

Украина әскері Колодези селосының оңтүстік-шығыс жағы мен Лиманнан небәрі 15 шақырым жердегі Торское елді мекенінің шетінде ұрыс жүргізіп жатыр. Сонымен бірге олар Ресей қарулы күштерінің Ямполь түбіндегі бекіністерін бұзып өтіп, Торскоеге тағы оңтүстік-батыстан да шабуыл жасауда.

Ресей әскері қыркүйек айында Харьков түбінде де тура осындай жағдайдан кейін қирай жеңілген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама