×

Атырауға келген ресейлік азаматтар еліміздің басқа өңірлеріне бара жатыр

21-27 қыркүйек аралығында облысқа 10 479 адам табан тіреген

 Дастан Жұмабекұлы 29.09.2022 | 16:38
фото: azh.kz

Атырауға келген ресейлік азаматтар еліміздің басқа өңірлеріне бара жатыр

Бұл туралы «Ақ жайық» басылымы хабарлады.

Жедел штабтың хабарлауынша, 21-27 қыркүйек аралығында өңірге 10 479 адам келген.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу үшін Ресей Федерациясының 2 219 азаматы жүгінген, - делінген материалда.

Шетелдік азамат Қазақстан аумағына келген кезде қабылдаушы тарап (Қазақстан азаматы) үш жұмыс күні ішінде көші-қон қызметіне хабарлауға тиіс. 

21-27 қыркүйек аралығында Атырау тұрғындары көші-қон полициясына Ресейден 644 азаматтың келгені туралы хабарлады. Осыған сүйене отырып, Ресей Федерациясының келген азаматтары үшін Атырау қаласы негізгі тұрақтап қалу аймағы емес және олардың негізгі бөлігі еліміздің өзге өңірлеріне кетеді деп жорамалдауға болады, –  деді жедел штаб басшысы Е. Қажкенов.

Сондай-ақ, жедел штаб Атырау қаласында жалға берілетін тұрғын үй бағаларына күн сайын мониторинг жүргізіп отырады. Жекелеген ықшамаудандарда ғана бағаның өсуі байқалады. Ол 30-50 пайыздан аспайды. Өңірде 109 Call орталығы жұмыс істеп тұр. Онда оператор-консультанттар Ресей Федерациясынан келген азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, қажетті ақпаратты ұсынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама