Halyq Uni логотип
×

Алматыда бес қабаттан асатын ғимарат салуға рұқсат берілмейді

Енді барлық жобалар қала құрылысы кеңесінде қаралады

 Дастан Жұмабекұлы 29.09.2022 | 15:33
Алматыда бес қабаттан асатын ғимарат салуға рұқсат берілмейді
фото: ашық дереккөз

Бүгін Алматыда Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев енді бес қабаттан асатын ғимаратты салуға рұқсат берілмейтінін ескертті.

Қыркүйек айынан бастап барлық жобалар қала құрылысы кеңесінде қаралады.

Кездесуде «Exclusive Star» тұрғын үй кешенінің тұрғындары қала әкімінен құрылыс жұмыстары басталған кешеннің жанынан не салынатынын сұрағанда, Ерболат Досаев қыркүйек айынан бастап барлық құрылыс нысандары Алматы қаласының қала құрылысы кеңесінен өткенін, бұл жоба бойынша техникалық тапсырма алынғанын айтты.

Қала құрылысы кеңесі жобаны қарап, өз ұсынысын айтады. Қала құрылысы кеңесі тәуелсіз, жергілікті билікке тәуелді емес. Оның құрамына 23 сарапшы, әкімдіктің мамандары кіреді. Олардың кеңесте, дауыс беруге қақы жоқ. Сарапшылар осы жобаларды реттеп, шешім қабылдайды. Қала біз бекіткен ережеге сәйкес дамып, салынуы керек, –  деді ол.

Қала әкімі тамыз айында Алматының Қала құрылысы кеңесін құру туралы қаулыға қол қойған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама