Halyq Uni логотип
×

Президент сайлауында бәсекелестік болады – Әшімбаев

Бүгінде сайлауға ешбір үміткер тіркелген жоқ

 Дәурен Ерболат 29.09.2022 | 12:29
Президент сайлауында бәсекелестік болады – Әшімбаев
Фото: aikyn.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев кезектен тыс президент сайлауында бәсекелестік болатынын айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Президенттікке үміткерлер пайда болады. Процесс жүріп жатыр. Басқа партиялар мен ұйымдар бұл мәселені қарастырады. Менің ойымша, белгіленген мерзімге дейін басқа кандидаттар болады. Партия мен азаматтардың көпшілігі соңғы жылдары президент жүзеге асырып жатқан реформалар мен өзгерістер бағытын қолдайды деп ойлаймын. Бәсекелестік болады, - деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Айта кетейік, кандидаттарды ұсыну науқаны 11 қазанда кешкі сағат 6-ға дейін созылады. Оларды республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Әрбір үміткер 3 млн теңге жарна төлеуге міндетті. Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама