×

Мәжіліс депутаттары майнинг пен криптовалюта туралы алғашқы заң жобасын әзірледі

Осы нормативтік-құқықтық актіні әзірлеу қажеттігі 2 себепке байланысты болып отыр

 Динара Амантай 29.09.2022 | 12:14
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаттары заң шығару бастамасы тәртібімен цифрлық құқық саласындағы алғашқы салалық заң жобасын әзірледі. Бұл туралы депутат Екатерина Смышляева айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Осы нормативтік-құқықтық актіні әзірлеу қажеттігі екі себепке байланысты. Бірінші - Республика аумағында цифрлық майнингті реттеу қажеттілігі. Цифрлық майнингті заңдастыру және криптовалюта өндірушілердің қызметін одан әрі нақты реттеудің болмауы энергия шығыны саласының бақылаусыз дамуына әкелді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, цифрлық майнинг саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлау тәртібі ерікті болып саналады және Цифрлық даму министрінің бұйрығымен реттеледі. Қазір мемлекеттік органның тізіліміне майнингтік компаниялардың үштен бір бөлігі ғана өз еркімен тіркелген, – деді Екатерина Смышляева.

Депутат «сұр» майнерлердің электр энергиясын бақылаусыз пайдалануы оның тапшылығын тудырғанын және елдің энергетикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретінін атап өтті.

Сонымен қатар Смышляеваның айтуынша, криптовалютаны заңды өндіру индустриясы Қазақстан үшін ауқымды инвестициялық сала болып саналады және қосымша салық түсімдерін қамтамасыз етіп, отандық IT саласының дамуына ықпал жасайды.

«Екінші - ҚР аумағында криптовалюталық экожүйе құру. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстанда қамтамасыз етілмеген сандық активтердің, яғни криптовалюталардың айналымына тыйым салынған. Майнинг пен ос жоба аясындағы криптобиржа жұмысын қоса алғанда криптовалюталармен барлық операциялар тек Халықаралық қаржы орталығында жүзеге асырылады. Алайда, тіпті бұл қызмет «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы Конституциялық заң нормаларымен де реттелмеген», - деді депутат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама