×

Украиндар Ресейге қосылуды «халқының 99 пайызы қолдаған» аудандардан кете бастады

Ресей Мемлекеттік думасы Украинаның басып алынған аймақтарын құттықтады

 Еркеғали Болатұлы 29.09.2022 | 10:18
фото: ашық дереккөз

Украина тұрғындары Ресейге қосылу туралы референдум өткен аудандардан қашып жатыр деп хабарлады «Рейтер» агенттігі.

Ал Луганск, Донецк, Запорожье, Херсон облысының Мәскеу тағайындаған әкімшілігінің дерегінше, «жергілікті халықтың 99 пайызға жуығы көрші ел құрамына кіруге дауыс берген».

Ресей Мемлекеттік думасы Украинаның басып алынған аймақтарын құттықтап, референдумдарды «сәтті өтті» деп жариялап, олардың нәтижесіне қатысты пленарлық отырыс 3-4 қазанда өтетінін хабарлады.

Украина президент Владимир Зеленский болса, бұл референдумдарды «нәтижесі алдын-ала белгілі болған әзіл» деп атады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама