Ақтауда әйел көпқабатты үйдің төбесінен құлап мерт болды
Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр
Ақтауда әйел адам көпқабатты үйден құлап, мерт болды. Қайғылы жағдай 13 шағынаудандағы 40-үйде болды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияның мәліметінше, оқиға 28 қыркүйекте болған. Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі мен полиция келген.
«Сағат 13:21-де «102» нөміріндегі кезекшіге 13 шағынауданда адамның үйдің төбесінен құлағаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр», -деп хабарлады полициядан.