Жазбадағы мәлімет шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды
«Жалдау бағасының көтерілуіне байланысты пәтерден шығару» туралы ТikTok-ғы «әзілі» үшін қызылордалық әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады polisia.kz.
Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны отбасымен табиғатқа шығып, «500 мың төлемесеңдер пәтперді босатыңдар деген соң арықтың маңында түнеп жатырмыз» деген атаумен TikTok-та видео жариялаған.
Бейнежазба бойынша полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жазбадағы мәлімет шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды. Ол өзінің жеке үйінде отбасымен бірге тұратын болып шықты. Бір сәтте мыңдаған адамның назарын аударған жас әйел бұл қарапайым әзіл екенін айтады.
«Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы «арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды», – делінген хабарламада.