Үндеуде бұған Ресейде басталған мобилизация себеп деп көрсетілген
АҚШ елшілігі америкалықтарды Ресейге бармауға, елде жүргендерді тезірек кетуге шақырды, делінген Мәскеудегі АҚШ елшілігінің хабарламасында.
АҚШ елшілігі ақпанда Украинада соғыс басталған соң осындай мәлімдеме жасаған болатын. Үндеуде бұған Ресейде басталған мобилизация себеп деп көрсетілген.
Хабарламада Ресей ресейлік-америкалық қос азаматтықты қабылдаудан бас тартып, осындай азаматтығы бар азаматтарды әскери қызметке шақыруы мүмкін екені айтылған.
АҚШ азаматтары Ресейге бармауы тиіс, онда тұратындары мен саяхаттап жүргендері мүмкіндік болып тұрғанда дереу қайтуы керек, – делінген елшіліктің сайтындағы хабарламада.
Бұған дейін Польша мен Болгария өз азаматтарын Ресейден дереу кетуге шақырды.