Астаналықтар үшін жаңа қызмет түрі іске қосылды

Дастан Жұмабекұлы

Соңғы үш жылда i-Qala орталығы 80 мыңнан астам адамға 317 мың коммуналдық қызмет көрсетті

фото: gov.kz

Астана қаласының тұрғындары электрмен, сумен және жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару және лифттерге техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді көрсету туралы келісімді онлайн және проактивті форматта жасай алады.

Ол үшін Астананың тұрғындары 1414 номерінен SMS хабарламадағы сұрақтарға жауап беріп, жеке деректерін пайдалануға рұқсат беруі керек. Содан кейін бес минутта барлық қажетті келісімдердің жасалғаны туралы хабарлама келеді.

Проактивті қызметтің негізгі міндеті – қызмет көрсетуді автоматтандыру, ашықтықты қалыптастыру, қағазбастылық пен сыбайлас жемқорлықты жою.

Соңғы үш жылда i-Qala орталығы 80 мыңнан астам астаналыққа барлығы 317 мың коммуналдық қызмет көрсетті.