Мәсімов пен оның орынбасарлары расымен қамауда отыр ма?
ҰҚК Кәрім Мәсімов пен орынбасарларына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов және басқа да күдіктілердің расымен қамауда отырғанын дәлелдейтін фактілер ұсыну туралы журналистердің сұрағына жауап берді.
Қазір істі арнайы прокурорлар тергеп жатқан жоқ. Іс Ұлттық қауіпсіздік комитетінде және ол құпия жүргізіліп жатыр. Сондықтан іс материалдары жариялануға жатпайды. Осы істі тергеу амалдарына қатысқан белгілі бір прокурорлар тобы бар. Атап айтқанда, тергеліп жатқан адамдардың бәрі қамауда отыр, ешкім ешқайда кеткен жоқ, - деді Әсет Шындалиев.
Еске салайық, 25 тамызда ҰҚК бұрынғы басшылығы К.Қ. Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге, М.С. Өсіповке және лауазымды адамдар Д.М. Акиповке, Н.К. Бекмұратқа, А.А. қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқталды.
Мәсімовтің және Садықұловтың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);
Ерғожин ҚК 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);
Өсіпов ҚК 362-бабы 3-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);
Акипов және Бекмұрат ҚК 362-бабы 1-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) сараланды.