«Атамекен» ҰКП басшысының міндетін атқарушы тағайындалды
Ол Тимур Құлыбаевтың орнына келді
Төралқа мүшелері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасының міндетін атқарушыны ұсынды. Палатаның кезектен тыс съезін өткізу уақытына төралқа төрағасының міндетін атқарушы лауазымына төралқа мүшесі таңдалды.
Төралқа төрағасының міндетін атқарушы болып Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы Райымбек Баталов тағайындалады, – дейді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
«Атамекеннің» IX кезектен тыс съезі 2022 жылғы 18 ақпанда өтеді. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралады:
- Ұлттық палатаның басқару органдары туралы;
- Ұлттық палатаның қызметін реформалау туралы;
- Кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері туралы;
- Басқа мәселелер.