×

Бас прокуратура Қайрат Сатыбалдыға қатысты басқа істер қаралып жатқанын мәлімдеді

Антикор Қайрат Сатыбалдыға қатысты тек екі эпизодты қараған

 Дәурен Ерболат 28.09.2022 | 12:51
коллаж: Halyq Uni

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мәжіліс кулуарында журналистердің бірқатар сұрағына жауап беріп, жақында сот үкімі шығып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Сатыбалдыға қатысты басқа да істер бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қайрат Сатыбалдыға қатысты істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жүргізді. Яғни «Көліктік сервис орталығы» мен «Қазақтелеком» компаниясына залал келтіргені тергелді. Сол екі эпизод қана қаралды. Басқа істер қазір тергеу барысында, - деді Әсет Шындалиев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында елордада Қайрат Сатыбалды ісіне қатысты сот үкімі шығып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, 26 қыркүйекте елорданың Байқоңыр аудандық соты Қайрат Сатыбалдыны алты жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі мерзімін қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді. 

Қайрат Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің екі бабы «Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру», «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу» баптары бойынша айып тағылған болатын. Ол процесс барысында тағылған айыпты мойындады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама