Әуекомпания ұшу кестесін біртіндеп қалпына келтіріп жатыр
Air Astana бүгін сағат 04:00 шамасында Алматы әуежайында және ішінара Атырау әуежайында провайдерде интернет-байланысының істен шыққанын хабарлады.
Осыған байланысты жолаушылардың рейстері қағазға жазылып, тіркелді. Бұл Алматыдан келетін таңғы рейстердің орташа есеппен 1,5 сағатқа кешігуіне әкелді.
Интернет байланысы 08:40-та қайта іске қосылды. Қазір әуекомпания ұшу кестесін біртіндеп қалпына келтіріп жатыр.