Мәскеу дауыс беруге қатысқандардың саны, рекордтық деңгейге жеткенін айтып отыр
Владимир Путин Украинадағы кей аумақтарды Ресейге қосу туралы мәлімдемені қыркүйектің 30-да парламент палаталарының алдында жасамақ. Мұны бүгін британ барлаушылары хабарлады.
Ал, «Ведомости» газетінің дерегінше, Луганск, Донецк, Запорожье, Херсон облысының Ресей басып алған бөліктері, Қырым Федералдық округіне түбектің өзімен бірге кіргізіліп, оны «Роскосмостың» бұрынғы жетекшісі Дмитрий Рогозин басқармақ.
Бүгін аталған аймақтарда Ресейге қосылу туралы «референдум» аяқталып жатыр. Олардың ешқайсын Ресей әскері толық басып ала алмады. Соған қарамастан, Мәскеу дауыс беруге қатысқандардың саны, рекордтық деңгейге жеткенін айтып отыр.
Украина президенті Владимир Зеленский болса, референдумннан кейін Кремльмен дипломатиялық келіссөздердің мүлде тоқтайтынын ескертті.