×

Ақан Сатаев өз еркімен «Қазақфильм» басшысы қызметінен босатылды

Ол Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ны екі жылдан астам уақыт басқарды

 Халық үні 27.09.2022 | 18:27
фото © Владислав Воднев

Режиссер Ақан Сатаев «Қазақфильм» АҚ президенті лауазымынан босатылды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Ақан Сатаев Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті болып 2020 жылдың шілдесінде тағайындалды.

Ақан Сатаев 1971 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1994 жылы Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін тəмамдаған.

2003 жылы «Sataifilm» студиясының негізін қалап, 2007 жылы «Рэкетир» атты алғашқы толықметражды фильмін, «Адасқан» мистикалық триллерін (2009), «Ағайынды» сериалын (2009), «Ликвидатор» психологиялық драмасын (2011), «Жаужүрек мың бала» тарихи фильмін (2012) түсірген. Сондай-ақ «Районы» криминалдық драмасы мен «Анаға апарар жол» тарихи драмасының (2016), «Бизнесмены» (2018), «Томирис» (2019) жəне тағы басқа туындылардың режиссері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама