×

Ақтөбе облысында ресейлік азамат көз жұмды

Сотқа дейінгі тергеу басталды

 Динара Амантай 27.09.2022 | 13:33
Фото: Halyq Uni

Ақтөбе облысында жол апатынан ресейлік азамат қаза тапты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 01:50 шамасында Toyota Camry автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі, Ресей Федерациясының азаматы Аралтоғай ауылы маңындағы Самара – Шымкент автожолының 999-шақырымында жолдың жиегіне шығып кетіп, аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ресейлік азамат, 34 жастағы жолаушы, оқиға орнында көз жұмды. Ал 39 жастағы екінші жолаушы Әйтеке би ауданының ОАА хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды.

ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция департаменті жүргізушілерге жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауға және жүргізушілерге шаршаған немесе ауырған жағдайда көлікке отырмауға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама