Тоқаев Маңғыстау облысының әкіміне нақты тапсырма берді
Президент Нұрлан Ноғаевпен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Нұрлан Ноғаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал жөнінде, сондай-ақ Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарында қарастырылған іс-шаралардың орындалу барысы туралы баяндаған.
Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Еске салайық, 14 ақпанда Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның бұрғылау басқармасының бір топ қызметкері жұмысын тоқтатты. Олардың жалақыны кемі 41 пайызға өсіру туралы талап қойды.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» АҚ жұмысшыларымен кездесіп, олардың жалақысын 20 пайызға арттыру туралы келісім жасалды.