Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады
Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс XXIV съезді 6 қазанға Астана қаласына шақыру туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы Amanat партиясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық іс-шараларын қолға алды.
Соңғы рет Amanat партиясының съезі 26 сәуірде өтіп, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партия қатарынан кетіп, оның орнына Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болып сайланды.
Amanat партиясының кезектен тыс XXIII съезінде ADAL саяси партиясы Amanat партиясына қосылды.