×

Amanat партиясының кезектен тыс съезі 6 қазанда өтеді

Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады

 Халық үні 27.09.2022 | 09:51
көрнекі фото: партия отырысынан

Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс XXIV съезді 6 қазанға Астана қаласына шақыру туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы Amanat партиясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық іс-шараларын қолға алды.

Соңғы рет Amanat партиясының съезі 26 сәуірде өтіп, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партия қатарынан кетіп, оның орнына Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болып сайланды.

Amanat партиясының кезектен тыс XXIII съезінде ADAL саяси партиясы Amanat партиясына қосылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама