Halyq Uni логотип
×

Ресей Грузияның шекарасына БТР-ларын апарып қойды

ФСБ офицерлері мұны қауіпсіздік үшін жасалғанын айтты

 Дастан Жұмабекұлы 27.09.2022 | 09:18
Ресей Грузияның шекарасына БТР-ларын апарып қойды
фото: netgazeti.ge

Ресей армиясының БТР-лары Грузияның «Жоғарғы Ларс» шекара бекетіне қарай бет түзеді.

Бұл туралы Forbs.ru хабарлады.

Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Грузиямен шекарадағы «Жоғарғы Ларс» шекара бекетіне неге РФ армиясының БТР-лары бара жатқанын түсіндірді.

РБК тілшісіне ФСБ офицерлері мұның Ресейден барған азаматтардың «шекарадағы бекетті бұзып-жарып, ары қарай өтіп кетуге әрекет етпеулері үшін» жасалғанын жеткізді.

«БТР блок-пост құру үшін емес, әлдеқандай формалды тіркелулердің өзін ысырып тастап, пунктті бұзып-жарып өткілері келетін азаматтарымыз болса, соларға тосқауыл қою үшін жіберілді. Тек осы мақсатта. Ешқандай блок-пост болмайды. Бақылау пункті штаттық режимде жұмыс істей береді, ешқандай шектеу қойылмайды», – деді ол бұдан әрі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама