Әзірше елден кеткен адам саны 261 мыңнан асты
Ресейдің күштік құрылымдары елдің шекарасын жауып тастағысы келіп отырғанымен, Владимир Путин оны талқылауды шегерумен келеді.
Бұл туралы «Новая газета – Европа» хабарлады.
Федералды Қауіпсіздік қызметі (ФСБ) 21 қыркүйекте елде «ішінара» мобилизация жарияланғалы бері Ресейдің 261 мың ер азаматының шет жақтарға кетіп қалғанын мәлімдеді. Газет тілшілері бұл мәліметті Президент аппаратынан алған.
Президент әкімшілігінің өз ішінде елдің шекарасын ер адамдар үшін жабу жайлы әңгіме сәрсенбіден басталған. Бұл кезде елден кетуші саны көбейген еді. Ал 25 қыркүйекте елден кеткен ер адамдар саны 261 мыңнан асты.
Әзірше кеш болмай тұрғанда, шекараны жауып тастауға болады, – деген әңгіме тарап жатыр Президент әкімшілігінде.
Бұдан бұрын Ресей БАҚ-тары РФ билігінің елдің шебін Украинаның Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарындағы референдумдар біткен соң, жабатынын жазған болатын.