×

«Арықтың жағасына түнеп шықтық»: Астана мен Алматыда пәтер иелері бұрынғы жалдаушыларын үйден қуып жатыр

Желіде бала-шағасымен далада қалғандардың видеосы тарады

 Халық үні 27.09.2022 | 08:34
ашық дереккөзден

Ресейден келушілердің саны артқан сайын Алматы мен Астанадағы пәтер құны аспандап кетті. Сырттан келгендерге пәтерін қымбатқа өткізгісі келетіндер бұрынғы жалдаушыларын үйден қуып жатыр.

Желіде бала-шағасымен далада қалғандардың видеосы тарады. Бір-ақ күнде көшеде қалғандардың арасында көпбалалы отбасылар мен студенттер көп. Барлығының басындағы жағдай бір, пәтер иелері жалдау құнын аспандатып жіберген. Соның салдарынан далада түнеп жүргендер де бар.

500 мың теңге төлемесеңдер пәтерді босатыңдар деді. Содан міне мына арықтың жағасына жайғасып, түнедік. Не істейміз енді. Көнеміз, - деді далада қалған тұрғынның бірі.

Баспанасыз қалғандардың айтуынша, бұған көрші елден келушілердің көптігі себеп болған. Өйткені, олар пәтер ақысын жергілікті тұрғындарға қарағанда екі-үш есе көп төлейді.

Ал пәтер қожайындары оңай олжаға кенелгендеріне дән ырза.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама