Halyq Uni логотип
×

БҚО-ға бес күнде Ресейден 17 мыңға жуық адам кірді

Қонақүй иесі ресейліктер орналасқаны туралы көші-қон қызметіне хабарлауға міндетті

 Халық үні 26.09.2022 | 22:27
БҚО-ға бес күнде Ресейден 17 мыңға жуық адам кірді
Halyq Uni

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 21-25 қыркүйек аралығында облысқа Ресейден 16 898 адам кіргенін мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ал жергілікті полиция облыста 12 265 ресейліктің миграциялық полицияға тіркелгенін хабарлады. Кейінгі жылы Ресей Федерациясының 5 882 азаматы тіркелген. Ал көші-қон қызметіне 21 қыркүйекте – 186, 22 қыркүйекте – 532, 23 қыркүйекте – 362, 24 қыркүйекте – 410, 25 қыркүйекте 302 адам тіркелген.

Айта кетейік, шетелдіктер орналасқан жердің иесі ол туралы көші-қон қызметіне хабарлауға міндетті. Мұны қонақ орналасқан күннен бастап үш жұмыс күніне дейінгі аралықта істеуі қажет.

Хабарламаны онлайн vmp.gov.kz порталы арқылы, тікелей көші-қон қызметіне қағаз түрінде немесе электронды түрде eQonaq.kz жүйесі арқылы беруге болады. Хабарламаны уақытында жібермесе, айыппұл салынады.

Айта кетейік, 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация жариялады. Бұл Украинамен арадағы шиеленіс кезінде елдегі ер азаматтардың бірқатарын әскери қызметке шақыруды көздейді. Путиннің жарлығы жарияланған соң ресейліктер елден шыға бастады.

Содан кейін Қазақстанға автокөлік немесе жаяу өтіп жатқандар саны артты. 

Нұрлыбек Рахманов, Батыс Қазақстан облысы

Серіктес жаңалықтары

Сараптама