Путин Лукашенконы кеңесуге шақырды
Кездесуде Беларусь президенті «референдумды» қолдауы мүмкін деген дерек бар
Сочи қаласында Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь президенті Александр Лукашенко кездесті.
Кездесуде екі елдің мемлекет басшылары екі жақты саяси эәне экономикалық қарым-қатынасты одан әрі нығайту мәселесін талқылап жатыр. Сарапшылардың айтуынша, басқосуда Ресейде жарияланған әскерге ішінара жұмылдыру туралы да әңгіме қозғалуы мүмкін. Сондай-ақ, Украинаның оңтүстік-шығыс облыстарында болған «референдум» мәселесі де қаралады делінуде. Осы кездесуде Лукашенко Донецк, Луганск, Херсон мен Запорожье облыстарының Ресейге «қосылғанын» қолдауы ықтимал деген дерек те бар.