Удмуртияда 29 қыркүйекке дейін Аза тұту күні жарияланды
Ресейдің Ижевск қаласында белгісіз адам №88 мектептің оқушыларына оқ атты.
Соның салдарынан 21 адам жарақат алды. Оның ішінде 14 бала, 7 ересек адам бар. Әзірге 13 адамның, соның ішінде жеті оқушының қаза тапқаны туралы мәлімет келіп түсті.
Қылмыскер оқиға болған жерде төртінші қабаттағы № 403 кабинетте өз-өзін атып тастады деген ақпарат шығып жатыр.