«Ісім бүлікшілермен болсын!». Иран басшысы ереуілді күшпен басуға кірісті
Қауіпсіздік күштері ереуілшілерге оқ жаудырды
Иран президенті Эбрахим Раиси «хиджабын дұрыс кимеген» Махсы Аминидің өлімінен кейін басталып, бір аптаға созылған наразылықтармен батыл түрде күресетінін мәлімдеді. Бұл туралы ВВС арнасы хабарлады.
Иран басшысы наразылық пен қоғамдық тәртіпті бұзудың айырмашылығын айта келе, елде болып жатқан оқиғаны «бүлік» деп атады.
Ісім бүлікшілермен болсын! - деп мәлімдеді Эбрахим Раиси.
Бұл ретте Пираншар, Махаббат және Урмия қалаларында қауіпсіздік күштері ереуілшілерге оқ жаудырды. Тұрғындардың айтуынша, халыққа қарсы жауынгерлік оқтар қолданылған.
Сондай-ақ Иран полициясы көшедегілерді жаппай қамауға алып жатыр. Оның ішінде 11 журналист бар.