Halyq Uni логотип
×

Тоқаев Әскери-әуе күштері қолбасшысын қызметінен босатты

Нұрболат Топаев лауазымынан босатылып, оның орнына Руслан Қоңыров тағайындалды

 Халық үні 26.09.2022 | 11:36
Тоқаев Әскери-әуе күштері қолбасшысын қызметінен босатты
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының өкімімен ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері әскери-әуе күштерінің қолбасшысы болып Руслан Қоңыров тағайындалды.

Бұған дейін ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымын атқарған Нұрболат Топаев қызметінен босатылды.

Руслан Қоңыров 1970 жылы 27 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федеровка ауылында өмірге келген.

1-сыныпты ұшқыш, әскери-көліктік авиация ұшқышы, Як-18, Ан-26, Ан-72 және С-295 ұшақ түрлерін меңгерген. Жалпы ұшуы 3500 сағатты құрайды.

«Бейбіт аспан», «Өзара іс-қимыл», «Жауынгерлік достастық», «Дала қыраны» халықаралық оқу-жаттығуларына, KADEX және т.б. қатысқан, ҚР Конституциясы күніне, Жоғарғы бас қолбасшының қатысуымен Гвардейскіде Отан қорғаушы күнін мерекелеуге орай өткен әскери парадта әскери қызметшілерді десанттау мен түсіруді жүзеге асырды. Тактикалық және халықаралық оқу-жаттығуларында тапсырмаларды үздік және сапалы орындағаны үшін ҚР Президенті, ҚР Қорғаныс министрінің және ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысының алғысына ие болды.

2016 жылы С-295 әскери-көліктік ұшақ экипажы құрамында Қазақстан Республикасының азаматтарын РФ Санкт-Петербор қаласынан Астанаға тасымалдау бойынша гуманитарлық көмек жасады.

ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК-нің әскери қызметшілеріне отандасымыз омыртқасынан айтарлықтай жарақат алған Санкт-Петербор политехникалық университетінің студенті Ақжарқын Махамбетованың отбасы сұрауына бойынша жедел отадан кейін қызды Қазақстанға тасымалдау қажет болды. С-295 ұшағының экипажы майор Азамат Молдахметовтің басқаруымен тапсырманы сәтті аяқтады.

ҚР Әуе қорғанысы күштері, Әскери әуе күштерінде штаб бастығы қызметінде болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама