×

Қазынашылық комитет төрағасы өз өтінішімен қызметінен кетті

Әнуар Жұмаділдаев бұл қызметке 2020 жылғы шілдеде келген еді

 Халық үні 17.02.2022 | 09:51
Әнуар Жұмаділдаев, фото: primeminister.kz

Қаржы министрінің бұйрығымен Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев берген өтінішіне сәйкес, тиісті ведомствоға қарасты Қазынашылық комитет төрағасы қызметінен босатылды.

ӘНУАР ЖҰМАДІЛДАЕВ

1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген.

2005 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 

Әр жылдары Қаржы министрлігіне қарасты Қаржылық бақылау комитеті мен Ішкі мемлекеттік аудит комитетін басқарды.

2017-2019 жылдары Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болды.

2020 жылғы шілдеде Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама