Halyq Uni логотип
×

Швейцарияда әйелдер де зейнетке 65 жасында шығатын болды

Халықтың 50,57%-ы бұл ұсынысты қолдады

 Дәурен Ерболат 26.09.2022 | 10:51
Швейцарияда әйелдер де зейнетке 65 жасында шығатын болды
Фото: pikabu.ru

Швейцарияда әйелдердің зейнет жасын 64-тен 65 жасқа көтеру бойынша референдум өтті, деп хабарлады Deutsche Welle.

Швейцария Үкіметінің мәліметінше, барлық кантонда дауыстарды санау аяқталған. Тұрғындардың жартысынан көбі, яғни 50,57%-ы өзгерісті қолдады.

Сондай-ақ швейцариялықтар зейнетақы қорындағы қаржы тапшылығын болдырмау үшін қосымша құн салығын арттыруға да дауыс берді.

Енді әйелдер ерлер сияқты 65 жасқа дейін жұмыс істейді. Тұрғындар зейнетақы реформасының 2 элементін қолдады, - деп жазылған хабарламада.

Швейцария экономика министрлігінің дерегінше, 2020 жылы әйелдер ерлермен салыстырғанда орташа есеппен 35%-ға аз зейнетақы алады.

Сауалнама барысында ерлердің 70%-ы зейнетақы реформасын қолдайтынын көрсетті, ал әйелдер арасындағы көрсеткіш – 42%.

Салықты көтеру ұсынысын дауыс берушілердің 55%-ы қолдаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама