Halyq Uni логотип
×

Иранда Аятолла Хаменидің ескерткіші құлатылды

Жаппай қарсылықтан 20-дан астам адам қаза тапты

 Дастан Жұмабекұлы 26.09.2022 | 10:30
Иранда Аятолла Хаменидің ескерткіші құлатылды
фото: ашық дереккөз

Иранда билікке қарсы жаппай қарсылық қозғалысы аптаға жуық уақыт бойы жалғасып жатыр.

Бұл туралы Oxy.az хабарлады.

Халықтың жаппай наразылығы 18 қыркүйек күні 22 жастағы Махса Аминидің мінез-құлық полициясында қаза табуынан шықты. Тәртіп сақшылары көшеде хиджабсыз жүрген бойжеткенді учаскеге әкеліп, ұрып өлтірген.

19 қыркүйек күні оны жерлегеннен кейін халық көшеге шықты. Бұған дейін жас қыздың жүрек талмасынан қайтыс болғаны хабарланғанына қарамастан, жұрт оны бұған полицейлердің микроавтобуста ұрғаны әсер етті деп санайды.

Алдымен әйелдер көпшілік алдында жаппай хиджабтарын жағып, бұрымдарын кесу жолымен өз қарсылықтарын білдірді. Содан кейін олар көшеге шықты. Мұны артынша бүкіл иран халқы қолдап әкетті. Елдің Тегеран, Үрмия, Табриз секілді ірі қалаларында тұрғындар мұны үкіметке қарсы қозғалысқа айналдырып жіберді.

Қазіргі жағдайда Иран бұрынғысынша өте қатты толқулы қалыпта тұр. Қарсылық қозғалысы күшеймесе, азаятын емес.

Мешхед қаласында көтерілісшілер елдің лидері Хаменидің ескерткішін құлатып, қиратып, жағып жіберді, –  делінген хабарламада.

Осы қақтығыстар салдарынан күні бүгінге дейін 20-дан астам адам қаза тауып, 95 адам жарақат алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама