×

Жамбыл облысындағы атысқа қатысы бар күдіктілер ұсталды

Тағы біреуіне халықаралық іздеу жарияланды

 Динара Амантай 26.09.2022 | 10:01
Фото: Halyq Uni

Шуда болған атысқа байланысты күдіктілер қамауға алынды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Жамбыл облысы полиция департаменті қызметкерлерінің мәліметінше, қылмысқа қатысы бар күдіктілердің барлығы анықталды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Оқиғаның екі белсенді қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды, үшінші күдіктіге қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Алмас Саламатов.

Сондай-ақ тағы бір күдіктіге қатысты қылмыстық қудалау органдарымен халықаралық іздеу жарияланды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысының Шу аудандық ауруханасына 23, 25 және 26 жастағы (екеу) төрт азаматтың оқ-дәрілермен жарақат алып түскені туралы хабарлаған едік. Олардың бірі кейінірек аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама