Заң бұзған адам «Сергек-қорғау» қосымшасы арқылы анықталды
Шымкентте бейнебақылау камераларының көмегімен көлікке жалған нөмір таққан жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
ПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері рейд өткізу барысында «Сергек-қорғау» қосымшасы арқылы жалған мемлекеттік нөмір таққан ВАЗ-21014 автокөлігін байқаған.
Полицейлер жүргізушіні тоқтатып, көлікті тексерген. Нәтижесінде жүргізушінің ресейлік нөмірді қазақстандық нөмірге ауыстырғаны анықталды. Бұл дерек негізінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 4-бөлігі («Көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқару») бойынша әкімшілік хаттама толтырып, материалдар сотқа жіберілді, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, қалада «Сергек-қорғау» қосымшасы енгізілгеннен бері 124 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Оның ішінде жалған нөмір таққан 62 жүргізуші анықталды.