COVID-19 жұқтырғандар саны азаюда
Барлық өңір «жасыл» аймақта
Қазақстанда бір күнде 41 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлады Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 41 дерегі тіркелді:
- Астанада – 15,
- Алматыда – 11,
- Ақмола облысында – 1,
- Абай облысында – 2,
- Қарағанды облысында – 6,
- Қостанай облысында – 4,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 2.
Осылайша, елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 1 393 216 жетті.
Сондай-ақ 882 адам коронавирустан айықты:
- Астанада – 32,
- Ақмола облысында – 797,
- Батыс Қазақстан облысында – 37,
- Қарағанды облысында – 6,
- Ұлытау облысында – 3,
- Маңғыстау облысында – 3,
- Павлодар облысында – 4.
Қазақстанда барлығы 1 377 365 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:
- «Қызыл» және «сары» аймақта тұрған өңірлер жоқ;
- «Жасыл» аймақта: Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.
Айта кетейік, кеше елімізде 107 адамнан коронавирус табылған еді.