×

Павлодарда жасөспірім 14-қабаттан құлап кетті

Аталған факті бойынша қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде

 Халық үні 25.09.2022 | 22:36
фото: ПД

Бүгін Павлодар қаласында 15 жастағы жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

«2022 жылғы 25 қыркүйекте  сағат 18.00-ден 19.00-ге дейінгі уақыт аралығында Павлодар қаласының полициясына Н. Назарбаев даңғылындағы 50 үйдің 14-ші қабатынан 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болғандығы туралы хабарлама келіп түсті», - деді департамент өкілі. 

Аталған факті бойынша қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. 

Қазір оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама