Павлодарда жасөспірім 14-қабаттан құлап кетті
Аталған факті бойынша қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде
Бүгін Павлодар қаласында 15 жастағы жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«2022 жылғы 25 қыркүйекте сағат 18.00-ден 19.00-ге дейінгі уақыт аралығында Павлодар қаласының полициясына Н. Назарбаев даңғылындағы 50 үйдің 14-ші қабатынан 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болғандығы туралы хабарлама келіп түсті», - деді департамент өкілі.
Аталған факті бойынша қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды.
Қазір оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.