Қазіргі уақытта толық тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Жамбыл облысының Шу аудандық ауруханасына 23, 25 және 26 жастағы (екеу) төрт азамат оқ-дәрілермен жарақат алып түсті. Олардың бірі кейінірек аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Хабар Шу аудандық полиция бөліміне 2022 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 00.18-де ауруханадан келді деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аталған қылмысты жасағаны үшін Төле би ауылының 22 жастағы тұрғыны анықталды, күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта толық тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр және аудандық прокуратураның қадағалауымен қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларымен рұқсат етілген уақыт бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Жақын арада оқиғаға тікелей қатысқан жеткізілген адамдарға қатысты заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады.