Әкім студентке 10 мың теңге беруге уәде етті
Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов Instagram-да өзінен ақша сұраған студентке қалай жауап бергенін көрсетті.
Студент жағдайының қиын екенін айтып, әкімнен 10 мың теңге сұраған. Әкім күтпеген жерден студентке жауап берді.
Мен сізді қолдап, көмек көрсетемін. Сіздей жас жігітке көмек сұрамай, жұмыс істеу керек. Мен ауылда туып-өстім. Қалаға келгенде қалтамда бір тиын жоқ болатын. Бірақ бұл мені үлкен мақсатқа итермеледі. Сәтсіздіктерге қарамастан, тынбай еңбектендім. Ешкім сізге оңайлықпен ештеңе бермейді, сондықтан ерінбей еңбектену керек, - деп кеңес берді студентке әкім.
Еске сала кетейік, Асайын Байханов қала әкімі қызметіне 2021 жылғы шілдеде тағайындалған болатын.