29 және 30 қыркүйекте күндіз 8 градусқа дейін жылынады, түнде алғашқы аяз түседі
«Қазгидромет» РМК болжамынша келесі аптада Астанада алғашқы қар жаууы мүмкін.
Алдағы демалыс күндері ауа райы болжамына сәйкес, жаздағы ауа райы әлі де сақталады, бірақ келесі аптаның басында күздің жаңбырлы салқын ауа райы күтіледі.
24-25 қыркүйекте Астанада көшпелі бұлт болады, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-8 метрге жетеді. Күндіз кей жерлерде ауа температурасы 31 градусқа дейін көтерілсе, түнде 10-13 градусқа дейін төмендейді.
26 қыркүйекте әлдеқайда салқын болады. Күндіз 20 градусқа дейін, түнде 13-15 градусқа дейін төмендейді. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел секундына 9-14 метрге дейін күшейеді.
Кейін температура төмендейді.
27 қыркүйекте күндіз 14 градус жылы, түнде 9 градус жылы, кейде жаңбыр жауады, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді;
28 қыркүйекте күндіз 8 градус жылы, түнде 3 градус жылы, өткінші жаңбыр жауып, қар жаууы мүмкін, сонымен бірге солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады;
29 және 30 қыркүйекте күндіз 8 градусқа дейін жылынады, түнде алғашқы аяз түседі, ауа райы жауын-шашынсыз болып, 0 градусқа дейін төмендейді.