×

Путин әскери қызметке қатысты Қылмыстық кодекске өзгертулер енгізді

Бұл қылмыс үшін 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген

 Халық үні 24.09.2022 | 22:34
Фото: REUTERS

Ресей президенті Владимир Путин әскери қызметке қатысты Қылмыстық кодекске қол қойды.

«Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексіне және РФ Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 151 бабына өзгерістер енгізу туралы» федералдық заң құқықтық ақпарат ресми порталында жарияланды.

Сонымен Қылмыстық кодекске  «Тонау» бабы енгізіледі. Бұл қылмыс үшін 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

«Өз еркімен тұтқынға түсу» бабы енгізілді. Бұл үшін 3 жылдан 10 жылға дейін соттайды. Егер бұл қылмысты алғаш рет жасаған сарбаз босап шығып, қызмет орнына оралса және тұтқында болған кезінде басқа қылмысқа бармаса, ол жауапкершіліктен босатылады.
 
Әскери қызметтен қашқаны үшін немесе әскери шақырылымға келмегені үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырады.

Сонымен  қатар әскери бұйрықты орындамау,  әскери қақтығыстарға қатысудан бас тарту, әскери қызмет бойынша басшыға бағынбау, қызмет ережелерін бұзу, әскери мүлікті жоғалту бойынша жауапкершілік қатаңдатылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама