×

Түркістан облысында ер адам түнгі ауысымға шығатын әйелін ерекше әдіспен тексеріп отырған

Ер адам әйелін қатты қызғанған

 Халық үні 24.09.2022 | 20:55
ашық дереккөзден

Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданында қызғаншақ еркек әйеліне жұмысқа барарда сым темірден тоқылған іш киім кигізіп жіберіп жүрген. Бұл туралы аудандық «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының меңгерушісі Марат Тарақтиев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Сүйемелдеу қызметі секторы меңгерушісінің айтуынша, жаға ұстатарлық жағдай Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс елдімекенінде болған. Өзге ер адаммен жыныстық қатынасқа түсіп қоюы мүмкін деп өз жарынан күдіктенген еркек түнгі кезекшілікке түсетін жұбайын осылай қорлап келген. 

«Әйелін соншалықты қызғанғандықтан, әйеліне сым темірден іш киім тоқып берген. Жұмысқа кетеді, жұмыстан келгеннен кейін шешіп алады. Үлкен дәретке, кіші дәретке бармайды. Міне, күйеуінің санасының жеткен жері»,- дейді Марат Тарақтиев. 

Отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі сөз болған жиында сектор меңгерушісі  алаяқтықты да сөз етті. Мәселен, осы ауданда тұратын бес баланың анасы жас жігіттерді алдау арқылы екі рет тұрмысқа шыққан. Әлеуметтік желі арқылы бойдақ жігіттердің сеніміне кіріп, алдап-арбау арқылы ол қалың малдың ақшасына қызыққан көрінеді. Шындығында екі рет күйеуге шығып жүрген көпбалалы ана Жібек жолы ауылдық округінде бір әулеттің келіні болған. 

«Жыл басынан бері ауданда 88 тұрғын зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып, аталған орталықтан көмек сұрап келген. Оның 74-і әйел, 14-і ер азамат. Ал Жібек жолы ауылдық округінің өзінен 15 әйел зәбір көріп, ауруханаға түскен»,- дейді Марат Тарақтиев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама