×

«Ішінде бірде-бір орыс жоқ»: Астрахань облысында қазақтарды соғысқа аттандырып жатыр

Видео авторының айтуынша, әскери жұмылдыруға алынған азаматтардың басым бөлігі қазақтар
 

 Халық үні 24.09.2022 | 19:50
Фото: ТАСС

Астрахань облысының этникалық қазақтарын Ресей Федерациясына әскери жұмылдыруға топтап алып бара жатқан сәттен видео жарияланды.

ZTB.kz порталына видеоны жолдаған оқырман мұның ішінде бірде-бір орыс жоқ екенін айтады.

Ресми деректерге сәйкес, Астрахань облысында қазақтардың 16%-ы тұрады. Видео авторының айтуынша, әскери жұмылдыруға алынған азаматтардың басым бөлігі қазақтар.

Айта кетейік, 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге жасаған үндеуінде Украинаға қарсы соғысқа қатысу үшін әскерінің бір бөлігін мобилизациялау туралы шешім шығарған еді. Осыдан кейін ресейліктер елін тастап, басқа елдерге үдере көшті, олардың басым бөлігі Қазақстанға келіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама