×

Астанада IT мамандықтар көрмесі өтеді

Форумда 500-ге жуық жұмыс орны ұсынылады

 Халық үні 24.09.2022 | 12:45
Фото: kapital.kz

28-29 қыркүйек күндері Астанада Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Astana Hub баспасөз қызметінің мәліметінше, форумның биылғы тақырыбы – «Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде қалыптасуда».

Форум барысында халықаралық және қазақстандық IT компаниялар ақпараттық технологиялар, Data science және blockchain бойынша 500-ге жуық жұмыс орнын ұсынады. 

Форум аясында технопарктер және ІТ-мектептер көрмесі, ІТ-стартаптар аллеясы, ІТ-вакансиялар жәрмеңкесі, Astana Hub Battle жарысы, VR, GameDev және түрлі тақырыптық сессиялар өтеді.

Шараға халықаралық IT-қоғамдастықтың көшбасшылары, технологиялар саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар, цифрлық әзірлемелер саласындағы кәсіпқойлар, IT-компаниялар мен стартаптар, венчурлық инвесторлар, технологиялық кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері - 5 мыңға жуық қонақ, 300 IT-компания, әртүрлі елден 200 спикер және 70 инвестор қатыспақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама