×

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды

Тиісті құжат жария болды

 Халық үні 16.02.2022 | 16:15
фото: ашық дереккөзден

Айтқұрман Омарбеков Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болды. Тиісті өкім шықты.

Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, – дейді Ақорда.

Ал биылғы 6 қаңтарда Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып Сәкен Исабеков тағайындалған болатын.

АЙТҚҰРМАН ОМАРБЕКОВ

Ресей Қорғаныс министрлігінің Әскери университетін «Моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру» мамандығы бойынша, Еуразия гуманитарлық институтын «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.

1997-2014 жж. Республикалық ұландағы қызмет.

2014–2022 жж. Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдағы қызмет.

2022 жылғы қаңтарда Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштер қолбасшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

ІІ дәрежелі «Айбын» ордені, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», ІІІ дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін», «Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық  медальдарымен марапатталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23