Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды
Тиісті құжат жария болды
Айтқұрман Омарбеков Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болды. Тиісті өкім шықты.
Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, – дейді Ақорда.
Ал биылғы 6 қаңтарда Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып Сәкен Исабеков тағайындалған болатын.
АЙТҚҰРМАН ОМАРБЕКОВ
Ресей Қорғаныс министрлігінің Әскери университетін «Моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру» мамандығы бойынша, Еуразия гуманитарлық институтын «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.
1997-2014 жж. Республикалық ұландағы қызмет.
2014–2022 жж. Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдағы қызмет.
2022 жылғы қаңтарда Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштер қолбасшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
ІІ дәрежелі «Айбын» ордені, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», ІІІ дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін», «Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.