Әзірге бір қылмыстық істің қозғалғаны белгілі болды
Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путиннің әскерді ішінара жұмылдыруға қарсы жасалған шеру кезінде полицейлер қолынан бір қыз қаза тапты.
Бұл туралы ОВД-News хабарлады.
Ресейдің көптеген қалаларында халық жаппай соғысқа қарсы акцияға шықты. Сондай бір кезде Мәскеуде шерушілерді тарату барысында полицейлер біз қызды ұрып өлтірді.
Бүкіл Ресейде соғысқа қарсы жаппай акциялар болды. Олар мобилизацияның жариялануына байланысты туындады. Қазір 39 қалада шеруге шыққандардың ұсталғандары белгілі болды. Олардың саны кемінде 1310 адам болып отыр, – делінген хабарламада.
Әзірге бір қылмыстық істің қозғалғаны белгілі болды. Екатеринбургте бір қызға полицейге қарсы зорлық көрсету әрекет жасады деген айып тағылып жатыр.
Шеру кезінде Мәскеуде – 538, Санкт-Петербургте – 479, Екатеринбургте – 49, Пермьде – 30, Челябинскіде – 26, Уфада – 23, Красноярскіде – 18, Воронежде – 17, Краснодарда – 14, Тверьде – 13, Саратовта – 12, Калининградта – 11, Рязаньде 11 адам қамалды. Сол сияқты Петрозаводск, Иркутск, Архангельск, Тула, Новосібір, Королев,Улан-Удэ, Железногорск, Ижевск, Самара, Салауат, Волгоград, Вологда, Якутск, Томск, Қазан,Түмен, Қазан, Иваново, Сыктывкар, Сургут, Нижний Новгород, Калуга, Вятские Поляны, Смоленск, Белгород қалаларында да ұсталғандар бар.