×

9 қалада ауа сапасы төмендейді

Ауаға зиянды заттар таралуы мүмкін

 Дәурен Ерболат 23.09.2022 | 09:04
Фото: nur.kz

Бүгін Қазақстанның 9 қаласында ауа сапасы төмендейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

23 қыркүйекте Астана, Ақтөбе, Петропавл, Көкшетау, Қостанай, Өскемен, Семей, Риддер (2-дәрежелі), Павлодар (1-дәрежелі) қалаларында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады.

Қолайсыз метеожағдай (ҚМЖ) атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді және ол қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (жел, тұман, инверсия) үйлесімін білдіреді. ҚМЖ болғанда елді мекендердегі ауа сапасы төмендейді, - деп жазылған хабарламада.

Ауа сапасының төмендеуін анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайға болжам жасау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама