30 автокөлікті өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр
Қазақстан мен Ресейдің шекарасында елімізге келіп жатқан шетел азаматтарының саны артты. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады.
Орнатылған 30 автомобильдік өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Адамдар мен көліктің көбеюіне байланысты төрт өткізу бекетінде кептеліс бар. Жағдай бақылауға алынды. Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде, – делінген хабарламада.
Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды.
ҰҚК Шекара қызметі өзінің іс-әрекетінде халықаралық шарттарды және Қазақстан Республикасының ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алады.