Halyq Uni логотип
×

Қазақстандықтар Ресеймен шекараны жауып тастауды талап етіп жатыр

Белгілі блогер, журналист Дәулет Мұқаев «Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың статистикасын көбейтсе, шекараны жабамыз» деген пікір айтты.

 Халық үні 23.09.2022 | 08:25
Қазақстандықтар Ресеймен шекараны жауып тастауды талап етіп жатыр
ашық дереккөзден

Ресей президенті Владимир Путин елде ішінара мобилизация жариялағаннан кейін көрші елдерге қашқан орыстар көбейді. Қазақстан шекарасында кептеліс пайда болды. 

Осындай оқиғалардың салдарынан шекарада ұзын-сонар кезек пайда болған. Әуе кемесінің билеттері қымбаттаған. Ресейліктердің Қазақстан қалаларына көшіп келуіне байланысты пәтер жалдау құны да қымбаттап кеткен. Осы секілді өзге де жайсыздықтың алдын алу үшін жергілікті тұрғындар шекараларды жабуды талап ете бастады. Олардың арасында белгілі азаматтар да бар. Белгілі блогер, журналист Дәулет Мұқаев «Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың статистикасын көбейтсе, шекараны жабамыз» деген пікір айтты.

Ақыры біз шекараны жаба алмайды екенбіз. Мынау Ресейге қатысты айтып отырғаным ғой. Менің ойымша, коронавирустың статистикасын көбейте беру керек. Үйреніп қалдық қой. Осы уақытқа дейін түрлі статистиканы көрдік. Сөйтіп шекараны жауып тастау керек! Ойым осы. Денсаулық сақтау министрлігі статистиканы көбейтіңіздер, – деді блогер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама